National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің халықаралық кездесуіне қатысты

 

Мәскеуде Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің XIII халықаралық кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі ұйымдастырған іс-шарада қауіпсіздік кеңестерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың, сыртқы саяси ведомстволардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың атынан келген 130-дан астам делегация мүшелері бас қосты.

Пленарлық отырыс тең және бөлінбейтін қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру тақырыбына арналды. Талқылау аясында форумға қатысушылар халықаралық жағдайдың негізгі даму тенденциялары, жаһандық сын-қатерлер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидатын іске асыру барлық мемлекеттің мүдделерін өзара құрметтеуді, сондай-ақ өңірлік және континенттік қауіпсіздік жүйелеріне сүйенуді көздейтінін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосатын бірқатар бағытын атап өтті. Соның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың жаһандық режимдерін нығайту, жанжалды төмендетудің кепілі ретінде өңірлік интеграцияны ілгерілету шараларына назар аударды.

Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар ШЫҰ мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңестері Хатшыларының бейресми кездесулері өтті.

Форум аясында Ғизат Нұрдәулетов бірқатар шетелдік әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы