National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов «Орталық Азия – Ресей» форматындағы қауіпсіздік кеңестері хатшыларының үшінші кездесуіне қатысты

Ресей Федерациясының Мәскеу облысында өткен іс-шара барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, оның ішінде терроризм мен экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткі айналымына қарсы іс-қимыл, халықаралық ақпараттық және киберқауіпсіздікті сақтау бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы өз сөзінде мемлекеттер басшылары қабылдаған 2025–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының одан әрі өзара ықпалдастықтың нақты бағдарларын айқындайтын құжат ретіндегі маңызын атап өтті.

Кездесуде трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, аса маңызды инфрақұрылым мен халықаралық көлік дәліздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Ауғанстандағы ахуалға баса назар аударылды.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары өңірлік тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде су қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне тоқталды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы