National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты

Өзбекстан, Ташкент қаласы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының Ташкентте өткен екінші кездесуіне қатысты.

Жиын барысында ТМҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге байланысты көптеген мәселе талқыланды.

Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, соның ішінде киберқылмысқа қарсы күрес, терроризм мен экстремизмге, есірткі трафигіне, адам саудасына қарсы іс-қимыл, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған ықпалдастықты кеңейту бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі өзекті мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы жайында мәлімет берді. Сонымен қатар еліміздің мүддесін ескере отырып, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Жиын шеңберінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Өзбекстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовпен және Түркия Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Бас хатшысы Сейфулла Хаджимүфтуоглумен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында өңірлік қауіпсіздіктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымындағы серіктестерімен арадағы екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы