Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу өткізді. Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары, сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттары негізінде жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды.