National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу өткізді.

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары, сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттары негізінде жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару