National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласындағы орталық аурухананың құрылыс алаңын аралап көрді

2024 жылғы 12 наурыз

Әзербайжан, Физули қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Физули қаласындағы орталық аурухана құрылысының жоспарымен танысты.

Келешекте бой көтеретін медициналық мекеме 180 төсек-орынға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асады.

Ауруханада стационарлық қызмет көрсететін кардиология, неврология, гинекология, анестезиология-реанимация, гемодиализ, терапия, хирургия, травматология-ортопедия, босану және жұқпалы аурулар бөлімдерін, сондай-ақ офтальмология, педиатрия және ЛОР кафедраларын ашу жоспарланып отыр.

Ал амбулаториялық режимде науқастарға кеңес беретін емхана бөлімі, балалар емханасы, рентген диагностикасы, функционалдық диагностика, физиотерапия және медициналық оңалту бөлімдері қызмет көрсетпек. Сонымен қатар клиникалық-диагностикалық зертхана, жедел жәрдем станциясы, гигиена және эпидемиология орталығы жұмыс істейді.

Нысанды қазақстандық құрылыс компаниялары коммерциялық негізде салады деп жоспарланып отыр.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің