National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары Руслан Фатихұлы Жақсылықов

1966 жылы 4 наурызда дүниеге келген.

Білімі, мамандығы, ғылыми дәрежесі:

 И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесі (1987). «Командалық тактикалық» мамандығы бойынша.

М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996). «Әскерлік барлаудың командалық-штабтық жедел-тактикалық» мамандығы бойынша.

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас Штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004). «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі» мамандығы бойынша.

Педагогика ғылымдарының кандидаты (2011).

Әскери қызметі:

взвод командирінен құрама командиріне дейін бірқатар лауазымдарда қызмет атқарды (1987-2006);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2006-2007);

Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлердің Бас штабының бастығы (2007-2008);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлердің қолбасшысы (04.09.2008-01.2013);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлердің Бас қолбасшысы (01.2013 - 04.2014);

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (04.2014-09.2021);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (09.2021-19.01.2022);

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (19.01.2022, 03.04.2023 қайта тағайындалды, 06.02.2024 - 08.06.2025 қайта тағайындалды);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары (30.06.2025 - 05.09.2026).

2026 жылғы 5 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Басқа да лауазымдар:

Қазақстан Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті (12.2024 бастап)

Мемлекеттік наградалары:

«Даңқ» орденінің толық иегері, «Айбын» орденінің толық иегері.

Әскери атағы: генерал-полковник (06.05.2022)


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару