
1976 жылы Алматы қаласында дүниге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.
2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жж. – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жж. – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жж. – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
2011 ж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жж. – Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жж.– ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 ж. қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
2023-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.
2025 жылғы 26 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Шет тілдері: ағылшын және неміс.
Үйленген, 4 баласы бар.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.