National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Кеңесте маңызды құжаттардың бірі – Жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленетінін атап өтті. Тұжырымдама жастар саясаты бағытындағы негізгі құжатқа айналады.

Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде жыл сайынғы «Жастар» ұлттық баяндамасының талдамалық деректері, тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер, сараптамалық және қоғамдық пікірталастар барысында қалыптасқан ұсыныстар мен ұсынымдар пайдаланылады.

Сонымен қатар Жастар саясаты жөніндегі кеңесте жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы өзінің өткен жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың тамырына балта шабады» деп атап өтті.

Талқылауға Кеңес мүшелері, сондай-ақ Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, «Соль» деректі фильмінің режиссері және продюсері Ринат Балғабаев қатысып, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес пен оған қарсы іс-қимыл, нашақорлықтың алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сондай-ақ Кеңес отырысына салалық ҮЕҰ өкілдері мен сарапшылар белсенді қатысып, нашақорлықтың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-профилактикалық жұмысқа жұртшылықты белсенді тарта отырып жүзеге асырылатын нақты ұсынымдар әзірленді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

2023 жылғы 08 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы