National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

ҚР Президентінің арнаулы өкілі Ержан Қазыхан «АҚШ пен Каспий өңірі елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы» атты вебинарға қатысты

2022 жылғы 1 ақпанда АҚШ пен Каспий өңірі елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 30 жылдығын мерекелеу аясында Caspian Policy Center вашингтондық сараптамалық орталығында ұйымдастырылған вебинарға ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан қатысты.

Іс-шараға АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу және Еуропа мен Еуразия жөніндегі көмекшісі Карен Донфрайд, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның жоғары өкілдері қатысты. АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы бұрынғы Елшісі Ричард Хоугланд модератор рөлін атқарды.

ҚР Президентінің Арнаулы өкілі Е.Қазыхан аймақ елдерінің АҚШ-пен өзара іс-қимылын нығайтудың айтарлықтай әлеуетін атап өтіп: «Біз АҚШ-пен бірқатар негізгі басымдықтар бойынша практикалық тұрғыда өзара-әрекеттесуге көптеген мүмкіндіктерді көріп отырмыз, оның ішінде лаңкестікпен және қауіпсіздіктің басқа сын-қатерлерімен, климаттың өзгеруімен күресу, транзиттік-көлік жүйесін әртараптандыру, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және т.б.», деп айтты.

Қазақстанда қаңтарда орын алған оқиғалардың шеңберінде Е.Қазыхан Мемлекет басшысының саяси, экономикалық және институционалдық жаңғыртуды жалғастыруға деген берік ұстанымын ерекше атап өтті. «Жақын арада жаңа министрлер кабинеті 2022 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын ұсынады. Жаңа экономикалық саясат Жаңа Қазақстанның негізі болады», - деп түйіндеді.

Д.Лудың сөйлеген сөзінде де Қазақстанда болған оқиғаларға ерекше назар аударылды. Ол ҚР басшылығының алдағы саяси және экономикалық қайта құрулар бағытын жалғастыратынына сенім білдірді.

«Батыстың міндеті – ақыл айту емес, Қазақстанды қолдау және елдің өзіне қаңтар айында туындаған адам құқығы мәселесін шешуге мүмкіндік беру және мұндай жағдайдың болашақта болдырмауы үшін қажетті әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды әрі қарай жүзеге асыру», - деді Д.Лу.

Жалпы, вебинарға қатысушылар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогты одан әрі дамыту мақсатында аймақ елдері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

2023 жылғы 08 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы