Қырғызстан, Бішкек қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады. Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.