National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесті

2022 жылғы 30 қараша

Франция, Париж қаласы

Мемлекет басшысы Францияға жасаған ресми сапары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Президент Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы табысты ынтымақтастық деңгейін атап өтті.

– Кеше Президент Макронмен кездесуде біз екіжақты қарым-қатынасымыздың көптеген аспектісіне қатысты ұстанымдарымызды нақтылап, маңызды құжаттарға қол қойдық. Сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара байланыс Қазақстан үшін әрқашан басым бағыттың бірі болғанын атап өткім келеді. Сіздің ұйымыңызбен байланысымызды сақтауға ниеттіміз. Сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуына қатысты ұйымның ұсыныстары мен кеңестері үшін ризашылығымызды білдіреміз, – деді Президент.

Ұйыммен ынтымақтастық орнатқалы бері Қазақстан ЭЫДҰ-ның 42 құқықтық құжатына қол қойған, 37 органының жұмысына қатысады және түрлі салалық құжаттың белсенді мүшесі. Сонымен қатар Қазақстан ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерінің бәсекеге қабілетін арттыру, жемқорлықпен күрес және жасыл экономиканы дамыту жөніндегі өңірлік бастамаларына белсенді түрде қолдау көрсетеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы бірлескен бастамалардың ауқымын кеңейту ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруда маңызды қадам болады.

Өз кезегінде Матиас Корман Қазақстанның ұйыммен табысты ынтымақтастығын  оң бағалайтынын жеткізді.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұйымның «Құрметті қонақтар кітабына» естелік қолтаңба қалдырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

2026 жылғы 02 сәуір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің