Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. АҚШ елшісі аталған Ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.