National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

2024 жылғы 16 маусым

Қадірлі отандастар!

Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.

Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор.  Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.

Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 05 шілде

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің