National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысы Шэнь Хайсюнмен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Қытай Медиакорпорациясының бас директоры Шэнь Хайсюн бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуеттік-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық реформалардың мазмұны мен мән-маңызы туралы айтты. 

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының маңыздылығына тоқталды. Осыған байланысты ол Туризм жылы аясында қолға алынған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат таратқаны үшін Шэнь Хайсюнге ризашылық білдіріп, CCTV-4 және CGTN телеарналарындағы бірқатар жобаны атап өтті.

Өз кезегінде Шэнь Хайсюн қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына назар аударды.

Кездесу барысында тараптар көптеген мәселені талқылап, екіжақты диалогты өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында жалғастыруға уағдаласты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы