National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты

Ерлан Қарин «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына қатысты. Аталған іс-шараны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері де тамашалады.

Сонымен қатар бұл күні Қазақстандағы Ресей киносының фестивалі басталды. Оның аясындағы көрсетілімдер 26 сәуірге дейін жалғасады. Ал Ұлттық музейде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және шығармашылықтағы заманауи тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қос мемлекеттің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері мәдениеттің музей және архив ісінен бастап, театр және концерт ұйымдарының ынтымақтастығына дейінгі барлық бағыттағы бірлескен жаңа жобаларды талқылады.

Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өткен болатын. Оның аясында Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі және қазақстандық кино күндері ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Парасат майданы» спектаклі сахналанды. Мәдени бағдарлама Үлкен театр сахнасындағы қазақстандық өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Аталған іс-шара мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтіп, көрермендер тарапынан кең қолдау тапты.

Екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты арттыратын мұндай форматтар Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз достық қарым-қатынастардың айғағы ретінде мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы