National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра орталығының директорымен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы – Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомомен кездесті.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның қолдауымен Астанада ұйымдастырылған «Алтын Орда дала өркениетінің моделі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумына қатысқаны үшін Дүниежүзілік мұра орталығының басшысына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ басқосуда Қазақстан тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңызға ие мұра нысандарды ЮНЕСКО-ның халықаралық тізімдеріне енгізу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, осы жылдың 19-29 шілде күндері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін жиында Қазақстанның қатысуымен екі номинация қарастырылатын болады.

Біріншісі – «Маңғыстаудың жерасты мешіттері». Аталған ұлттық өтінім аясында Бекет ата, Қараман ата, Шопан ата, Шақпақ ата және Сұлтан епе көрнекті ескерткіштері ұсынылған.

Екіншісі – «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі». Бұл – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері бірлесіп ұсынған трансұлттық номинация. Оның аясында еліміз тарапынан ЮНЕСКО тізіміне әлемге әйгілі Отырар, Сауран, Түркістан, Сығанақ, Жетіасар, Жанкент қалашықтары ұсынылды.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан ЮНЕСКО-мен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

 

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы