National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Президент Әкімшілігінің Басшысы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Склярдың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша республикалық комиссия еліміздің 232 азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Іріктеу кезінде бір орынға орта есеппен 5 үміткерден келді. Бұл бағдарламаға  қызығушылық арта түскенін әрі бәсекелестік жоғары болғанын көрсетеді.

Жаңа стипендиаттардың 179-ы магистратурада, 12-сі докторантурада, 1-еуі бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алады. Бұдан бөлек, 40 адам шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Сонымен қатар 33 қазақстандыққа шетелдің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Бағдарлама отандық ғалымдардың біліктілігін арттырып, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Отырысты қорытындылай келе, Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру мен жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару