National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті отырысына қатысты.

Іс-шара барысында қауіпсіздік кеңестері хатшылары ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы жағдайға және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатысты пікір алмасты.

Ғ.Нұрдәулетов Қазақстанның ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастық мәселелеріне қатысты ұстанымдарын баяндап, Ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысын жеткізді.

Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздік, есірткі айналымы, заңсыз көші-қон және халықаралық терроризм сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі практикалық шараларға айрықша назар аударылды.

ҰҚШҰ шеңберінде өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы үйлестіруді нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті отырысы Ресей Федерациясының ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі ескеріле отырып, 2026 жылғы 10 қарашада Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару