National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары Геннадий Иванович Зуев

1982 жылы 3 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.

2003 жылы Астанада қаласындағы Қазақстан-Ресей университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2004-2009 жылдар аралығында қылмыстық-атқару жүйесі органдарында әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2009-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінде жұмыс істеген.

2019 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жалғастырып, 2022 жылдың қыркүйегінен бері Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды.

2026 жылғы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы