National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі – Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің миссиясы Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайына қатысты (бұдан әрі - Құрылтай);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі - Үкімет) қатысты;
  • Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты;
  • Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің (бұдан әрі – Вице-Президент) және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.

 

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы